Алматыда саябаққа қойылған Назарбаев ескерткіші алынып тасталмайды. Бұл туралы қала әкімдігі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Азаттық" радиосының Назарбаевтың ескерткішіне қатысты сауалына қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі жауап берген.
"Азаттық" радиосының Назарбаевтың ескерткішіне қатысты сауалына қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі жауап берген.
"Қазіргі уақытта Алматы қаласы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның күн тәртібінде ескерткішті орнынан алуға қатысты мәселе жоқ", - деп жазылған жауапта.
Айта кетейік, алғаш рет Талдықорғанда Назарбаевтың ескерткіші құлатылды.
Сонымен қатар, Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан да тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алынып тасталды.
Ал кейін Алматыдағы метробекеттерінің бірінен Назарбаевтың суреті алынып тасталды.
Артынша Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы тағы бір ескерткіші алынып тасталды. Бұл жолы оның Ұлттық музейдегі ескерткіші алынып тасталған. Ол ескерткіш 2018 жылы орнатылған еді.