Алматыда таңға жуық уақытта болған жер сілкінісін көп адам сезбей қалған

Көркем Алдабергенова 06 нау. 2024 09:33 5583

Алматыда тағы да жер сілкінді. Бұл жолы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін 2024 жылы 06 наурызда Алматы уақытымен 05:09-да тіркеді. 

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12,6. Жер сілкінісінің магнитудасы - 5.4", - делінген хабарламада.

Эпицентр координаты 41.22° с.е. 78.73° ш.б. Тереңдігі 10 км.

Жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда - 2 балл. 

Айта кетейік, алматылық тұрғындардың көбі бұл жолы жер сілкінісін сезбей қалғанын айтады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар