Алматыда «Цифрландыру дәуіріндегі масс-медиа трансформациясы» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр

Көркем Алдабергенова 20 жел. 2025 10:16

Алматыда «Цифрландыру дәуіріндегі масс-медиа трансформациясы» тақырыбында ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дөңгелек үстел Бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында отандық масс-медианың трансформациясын, қазіргі журналистиканың жаңа бағыттарын, медиа этика мәселелерін және жасанды интеллекттің ақпараттық кеңістікке ықпалын талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Б.Н. Жексенбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ отандық медиа басшылары мен танымал журналистер қатысады.

Талқылау барысында медиа этика, цифрлық дәуірдегі масс-медианың трансформациясы, қазіргі журналистикадағы жасанды интеллекттің рөлі, сондай-ақ цифрлық ортадағы ақпараттық жауапкершілік мәселелері қамтылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар