Алматыда салынып жатқан ғимаратта өрт шықты

Самал Асқар 28 нау. 2026 15:19

Алматы қаласында салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Dala News.

Оқиға Алатау ауданындағы Солтүстік айналма жолда болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үш қабатты ғимараттың шатыры жанғанын анықтаған.

Өрт сөндірушілер қысқа уақыт ішінде шатырға көтеріліп, су оқпандарын берді. Өрт ошақтарын анықтау үшін бензокескіштер қолданылып, автосатылар арқылы да су жіберілуде.

Қазіргі уақытта өрттің қарқындылығы төмендетілген, оның нақты аумағы анықталып жатыр.

Оқиға орнында ТЖД құтқару қызметінің эвакуаторлары жұмыс істеп, жақын маңда тұрған көліктерді қауіпсіз жерге көшіруде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove