Алматыда қойма өртенді: тұрғындар алапат өртті видеоға түсіріп алған

Сағыныш Сардарова 17 ақп. 2024 11:51 2727

Алматыда қойма өртенді. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдай департаменті мәліметінше, 17 ақпанда сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағынауданындағы өрт бойынша жұмыс істеп жатыр.

Видеодан алынған кадр

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қойманың төбесі жанған. Жақын орналасқан әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді", - жазылған ведомство мәліметінде.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 70 адамы және 18 техникасы жұмыс істеп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар