Айтулы іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Республикалық этномәдени орталығының төрағасы Акбаржон Исмаилов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық Келісім» РМУ директоры Элина Масагутова, республикалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА және ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері, этникалық БАҚ өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысты.
Кездесу «галстуксіз» форматта өтіп, шараға жиналған қауым, көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Шараның мақсаты – елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтумен қатар, азаматтық бірегейлік мәселелері бойынша ортақ шешім табуға ұмтылған пікірлестерді біріктіру болып табылады.
Шара соңында шақырылған журналистер мен қатысушылар БАҚ саласындағы бірлескен жұмыстың жобалары мен бағыттарын талқылап, ортақ тіл табысты.