Алматыда мектепке «теракт» туралы жалған хабар берген жасөспірім анықталды

Самал Асқар 07 сәу. 2026 19:52

Мектепте теракт жасалғаны туралы жалған хабар берген жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Dala News.

5 наурыз күні сағат 16:48-де «102» желісіне белгісіз адам қоңырау шалып, мектепте террористік шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған.

Оқиға орнына полиция, құтқару және жедел қызметтер дереу жіберілген. Алайда ғимарат пен оның аумағын тексеру барысында ақпарат расталмаған.

Сағат 16:52-де сол нөмірден қайта қоңырау түсіп, хабарлаған адам мұны қалжың ретінде жасағанын айтқан.

Тексеру барысында нөмір иесі Алматы қаласының Алатау ауданында тұратын кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды. Ол анасының қатысуымен сұрау кезінде сабақтан кейін полицияға өзі қоңырау шалғанын мойындаған.

Аталған факті бойынша жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқиға тіркеліп, тиісті шаралар қабылданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove