Алматыда лай көшкіні жүріп, Медеу ауданындағы тұрғын үйлерге зақым келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы әкімдігі мәліметінше, 8 ақпанда сағат 02-20-да "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген.
Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 техника жұмыс істеп жатыр.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері оқиға орнынан видео да жариялады.