Алматыда жоғалып кеткен қыз қоғамдық дәретханадан табылды

Сағыныш Сардарова 11 нау. 2026 11:48

Алматыда жоғалып кеткен 25 жастағы Әсел Сербаева табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz CMN.KZ-ке сілтеп.

Ол 10 наурызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың денсаулығында кінәраты бар болғандықтан, анасы дабыл қаққан.

Кейін оның қиын жағдайға тап болғаны анықталды. Әсел қоғамдық дәретхананың ішіне құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.

Қызды Алматы қаласы Түрксіб аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Олжас Оразалиев тауып алған. Тәртіп сақшысы Әселге алғаш болып көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге шығарған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove