Алматыда жеке сот орындаушы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Самал Асқар 27 сәу. 2026 18:09

Алматыда жеке сот орындаушы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dala News.

Прокуратура тексерісі барысында сот орындаушы 2024 жылы алимент өндіріп алу істері бойынша өз қызметіне төлем алу кезінде заң талаптарын бұзғаны анықталған.

Тергеу мәліметінше, ол бір атқарушылық іс бойынша жылына бір реттен артық төлем алуға болмайтынына қарамастан, Әділет департаментіне 47 іс бойынша 76 рет қайталама есеп тапсырған. Осылайша заңсыз түрде 4,2 млн теңге алған.

Алмалин аудандық сотының үкімімен ол 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жылға тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove