Алматыда жаңа Kia Sportage таныстырылымы өтті

Dalanews 22 қаң. 2026 10:15

Қаңтардың ортасында Алматы спорттық энергия мен заманауи жастар мәдениетінің нағыз орталығына айналды. Оңтүстік астанада алғаш рет жаңа Kia Sportage моделінің таныстырылымына арналған баскетболдан медиа-турнир өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көрерменге жоғары драйв пен жарқын эмоцияны Қазақстандағы Kia брендіне ресми дистрибьютор болып саналатын Allur автомобиль компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan серіктестері – S-OIL және Sapa Digital Finance қолдауымен сыйлады.

3х3 форматында өткен баскетбол медиа-турниріне спорт пен шоу-бизнес жұлдыздары қатысқан командалар бақ сынасты. Олардың қатарында NBA-ның 2015/2016 жылғы маусым чемпионы Тимофей Мозгов, V$XV PRiNCE, Самсон Аракелян, Александр Меркуль, Raim, Аскар Ильясов, Руслан Лигай, Айсултан Сеитов және өзге де танымал тұлғалар болды. Қатысушылардың әсерлі ойыны мен жоғары бәсекелестік рухы көрермендерге ұмытылмас сәттер мен ерекше атмосфера сыйлады. Турнир қорытындысы бойынша жеңіс V$XV PRiNCE командасына бұйырды, ал MVP (ең құнды ойыншы) атағын Тимофей Мозгов иеленді.


Іс-шараға танымал әрі жаңа инфлюенсерлер, блогерлер мен пікір көшбасшылары көптеп жиналды. Қонақтар баскетболдан бөлек интерактивті аймақтарға қатысып, спорттық және шығармашылық байқауларды тамашалады, диджейлер мен сәнді орындаушылардың өнерін көрді. Дегенмен көпшіліктің басты назарында жаңа Kia Sportage болды.

Бұл танымал кроссовер Kia бренді үшін әлемдік әрі қазақстандық бестселлер саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар Kia маркасының 23 402 автокөлігін сатып алған. Бұл елдегі сатылым көлемі бойынша үшінші орын. Соның 10 988-і Kia Sportage үлесіне тиесілі. Жаңа модель осы табысты одан әрі нығайтуға толық мүмкіндік береді.

Жаңартылған Kia Sportage батыл стильдегі рестайлингтен өткен экстерьерімен, заманауи әрі практикалық интерьерімен, жетілдірілген жабдықталуымен, сондай-ақ жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мультимедиа жүйесінде қазақ тілін таңдау мүмкіндігі бар. Осылайша Kia Қазақстан нарығына арналған модельдерде мемлекеттік тілдегі мәзірді енгізуді жалғастырып келеді.

X-Line+ жинақтамасында алдыңғы әйнекке проекциялық дисплей орнатылған. Клиенттердің өтініші бойынша салондағы жылтыр панельдер ағаш фактуралы практикалық мат беттерге ауыстырылды. Сонымен қатар салонның дыбыс оқшаулауы жақсартылды. Кузов түстерінің палитрасы екі жаңа реңкті қоса алғанда он түске дейін кеңейді, ал интерьердің түстік нұсқалары төртеу болды, оның екеуі – жаңа. Қозғалтқыштар қатарында өзін жақсы қырынан көрсеткен 2.0 MPI және 2.5 GDI моторлары автоматты беріліс қорабымен, алдыңғы немесе толық жетекпен ұсынылады. Сондай-ақ модель белсенді қауіпсіздік пен жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің кеңейтілген кешенімен жабдықталған.

Жаңа Kia Sportage Қазақстан бойынша барлық ресми дилерлерде сатылымға шықты. Бастапқы бағасы – 16,49 млн теңге. Барлық жинақтамалар мен бағалар ресми дереккөзде қолжетімді.

Айта кетейік, Kia бренді NBA және WNBA лигаларының ресми автомобиль серіктесі болып табылады және баскетболдың дамуын әлемдік ареналардан бастап жергілікті алаңдарға дейін қолдап келеді. 2025 жылдың мамыр айында Allur компаниясы құрамындағы Kia Ақтауда халықаралық FIBA стандарттарына сай салынған Kia Basketball Park аренасының ашылуына арналған ауқымды Kia Basketball Fest спорттық фестивалін өткізді.

Жалпы алғанда, 2026 жыл Қазақстандағы Kia бренді жанкүйерлері үшін жағымды жаңалықтарға толы болмақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove