Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды

Сағыныш Сардарова 27 қаң. 2026 09:08

Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Алматыэлектротранс" ЖШС мәліметінше, оқиға №92 автобуста болған. 25 қаңтарда сағат 14:35-те диспетчерлік қызметке №92 автобус жүргізушісінің денсаулығы кенет нашарлағаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесі қиылысында болды. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып, қауіптің алдын алды", - деді ЖШС өкілдері.

Жолаушылар шұғыл жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүргізуші қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз - миокард инфаркті.

Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келген.

"Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove