Алматыда Әл-Фараби даңғылында қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полиция әлеуметтік желілерден бірнеше көліктің жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видеоны анықтаған. Онда жүргізушілер қарсы бағытқа шығып, күрт жолақ ауыстырып, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін қауіпті жағдайлар жасаған.
Тәртіп сақшылары барлық қатысушылардың жеке басын анықтап, оларды ұстады. Жүргізушілерге бірден бірнеше құқықбұзушылық бойынша жауапкершілік жүктелді: қауіпті жүргізу, қарсы жолаққа шығу, апатты жағдай туғызу, рөлде телефон қолдану және қауіпсіздік белдігін тақпау.
