Әйелдер қауымы үшін Алматы әкімдігі мерекелік концерт өткізді. Қатысушылар арасында медицина қызметкерлері, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, еңбек ардагерлері, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, оқуда, спортта жетістіккк жеткен балалардың аналары бар.
Әйелдер мен махаббатқа арналған қазақстандық және шетелдік әндерді танымал әртістер орындады.
Мерекелік концертке «МузАрт» тобы, Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Нұржан Керменбаев, Мәди Сыздықов, Әділхан Макин, Kyle Ruh, Индира Еділбаева, Аdam, Нұрлан Өнербаев, Bibi Studio балалар-вокал студиясының солистері, Zarathustra және Almaty Symphony оркестрлері, «Жорға» академиялық және заманауи балеттері және Nova Ballet қатысты.