Алматыда 24 жастағы қыз 12-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа полиция жауап берді.
"Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 24 жастағы қыздың қаза болу себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
