Алматыда бір аптаға жуық хабар-ошарсыз кеткен 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
2011 жылы туған жасөспірім 30 желтоқсан күні Есенов көшесіндегі үйінен шығып, телефон жөндету үшін ЦУМ жаққа бет алған. Алайда сол күйі үйіне оралмаған. Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың жоғалу фактісі бойынша іздестіруді бастаған еді.
«Қоғам» жасағының хабарлауынша, жасөспірім 5 қаңтар күні кешке Жетісу ауданы полиция басқармасының жедел-қимыл қызметкерлері мен Алматы қалалық полиция департаменті, сондай-ақ жасақ мүшелері, еріктілер және туыстарының бірлескен жұмысының нәтижесінде табылған.
«Қоғам» жасағы полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін, еріктілерге жанашырлығы, белсенді қатысуы мен қолдауы үшін, сондай-ақ бейжай қалмаған әрбір адамға шынайы алғыс білдіреді», — делінген хабарламада.
