Алматы облысындағы екі бірдей ауданда есепші бюджеттің ақшасын "жеп қойған"

Сағыныш Сардарова 09 ақп. 2024 10:32 2858

Алматы облысы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепші жалақыға арналған бюджет қаржысын жымқырған, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Облыстық прокуратура мәліметінше, есепші мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлер мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жымысқы әрекетін жүзеге асырып келген.

"Алдын ала келтірілген шығын 90 млн. теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр. Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолдады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Осыған ұқсас дерек Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн. теңгеден аса шығынды өтеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар