2025 жылғы 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорт федерациясының «Кубогы» үшін облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аталған жарысқа Алматы облысының 9 өңірінен 2012 жыл және одан кіші, сондай-ақ 2016 жыл және одан кіші жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасынан 70-ке жуық спортшы қатысты. Турнир тоғызқұмалақтың «рапид» түрі бойынша швейцар жүйесімен ұйымдастырылып, спортшылар жеке және командалық есепте өзара бақ сынады.
Турнирдің негізгі мақсаттары:
- тоғызқұмалақты Алматы облысындағы маңызды ұлттық зияткерлік спорт түрлерінің бірі ретінде дамыту және кеңінен насихаттау;
- әртүрлі жас санатындағы спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, тактикалық дағдыларын жетілдіру;
- балалар мен жасөспірімдер арасында зияткерлік спортқа тұрақты қызығушылық қалыптастыру;
- облыс аудандарының спортшылары мен бапкерлері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу.
Алматы облыстық тоғызқұмалақ спорт федерациясының басшысы Жарас Ниязбек өз сөзінде өңірде тоғызқұмалақ спортының дамуы қарқынды жүріп жатқанын атап өтті:
«Алматы облысында соңғы жылдары тоғызқұмалақ спорты ерекше қарқынмен дамуда. Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы жоғары. Бұл спорт тоғызқұмалақ жанашырлары мен осы ұлттық ойынды жан-тәнімен сүйетін азаматтардың еңбегінің арқасында дамып келеді. Бүгінгі турнирге қолдау білдіріп, демеушілік көрсеткен Qazaq Technology компаниясына, Art Production шығармашылық мектептер желісіне, сондай-ақ ақпараттық қолдау көрсеткен Dalanews ақпарат агенттігіне, “Қала мен дала”, “Алатау арайы” газеттеріне алғыс білдіреміз. Осындай жарыстар ұлттық спорттың дамуына серпін береді», – деді ол.

ЖАРЫС НӘТИЖЕЛЕРІ
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
9 жасқа дейінгі ҚЫЗДАР арасында:
•I орын – Бексерік Әмина (Ұйғыр ауданы)
•II орын – Таңғатар Мерей (Алатау қаласы)
•III орын – Орынтай Айару (Ұйғыр ауданы)
•III орын – Болатбай Бибіәсия (Алатау қаласы)
9 жасқа дейінгі ҰЛДАР арасында:
•I орын – Ақсай Рамиз (Талғар ауданы)
•II орын – Қали Мадияр (Іле ауданы)
•III орын – Есбосын Бағнұр (Іле ауданы)
•III орын – Таңғатар Омар (Алатау қаласы)
13 жасқа дейінгі ҚЫЗДАР арасында:
•I орын – Халық Айсенім (Ұйғыр ауданы)
•II орын – Нұрбек Інжу (Жамбыл ауданы)
•III орын – Адият Еркеназ (Жамбыл ауданы)
•III орын – Ерланқызы Ақмейір (Кеген ауданы)
13 жасқа дейінгі ҰЛДАР арасында:
•I орын – Батыр Олжас (Алатау қаласы)
•II орын – Балағаз Ислам (Жамбыл ауданы)
•III орын – Ерген Мейрамбек (Кеген ауданы)
•III орын – Оразхан Нұрым (Іле ауданы)
Командалық есепте:
•I орын – Ұйғыр ауданы
•II орын – Алатау қаласы
•III орын – Талғар ауданы
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Командалық есепте үздік нәтиже көрсеткен аудандарға арнайы кубоктар табысталды.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымыз көк Туымызды әрдайым биікте желбірете берсін!
