Алматы облысында картон зауыты өртенді

Көркем Алдабергенова 30 сәу. 2026 17:17

Осы сәтте ТЖМ қызметкерлері картон зауытының аумағындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нысан Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ашық жану байқалды.

Өрт өршіп кеткен.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәреже бойынша жұмыс істеуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove