Алматы облысында жаңа 10 жоғары вольтты қосалқы станцияның құрылысы басталады

Жарбол Кентұлы 01 там. 2024 18:14 3390

Алматы облысы агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында облыста 10 жаңа жоғары вольтты қосалқы стансаның құрылысы жоспарланған. Бұл жобалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асырылып, үдерісті барынша жеделдетіп, ең білікті жеке серіктесті таңдауға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әрбір жоба бойынша сүйемелдеу қызмет көрсетудің сметалық құны 30 млн теңге болса, ал барлық 10 қосалқы станцияның жалпы сомасы 300 млн теңгені құрайды. Жалпы инвестициялардың алдын ала құны 100 млрд теңгеден асады.

Жоғары вольтты қосалқы станциялар құрылысын бастау – Алматы агломерациясының энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртудағы маңызды қадам болмақ. 

Жеке компаниялармен тиімді серіктестік құра отырып ресурстарды дұрыс бөлу, жобалардың сәтті жүзеге асуын қамтамасыз етеді, және ұзақ мерзімді перспективада аймақтың тұрақты дамуына зор ықпалын тигізбек.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар