Қазақстанда екінші атом электр станциясын (АЭС) салу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкіметтің тиісті қаулысы 2026 жылғы 26 қаңтарда қабылданып, нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі "Әділет" порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, "Екінші атом электр станциясы" ядролық қондырғысының құрылысы Алматы облысының Жамбыл ауданында жүзеге асырылады. Қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 25 ақпанда елдегі алғашқы АЭС салынатын аумақ та осы Жамбыл ауданы ретінде бекітілген еді. Жоба шеңберінде француздық инжинирингтік Assystem компаниясының қолдауымен реакторлық технологиялар мен әлеуетті вендорлардың ұсыныстарын кешенді бағалау әдістемесі әзірленді.
Халықаралық консорциум құрамына Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Кореяның компаниялары енді. 2025 жылғы 14 маусымда алғашқы АЭС құрылысы бойынша консорциумның жетекшісі анықталып, бірінші орын ресейлік Росатом компаниясына берілді. Қытайлық компания екінші орынға, ал француз және оңтүстіккореялық компаниялар үшінші орынға жайғасты.
