Алматы облысында департамент эфир уақытын 2,4 миллион теңгеге сатып алмақ

Көркем Алдабергенова 23 мам. 2024 14:45 3082

Алматы облысының мемлекеттік кірістер департаменті өзінің қызметі туралы видео көрсету үшін БАҚ-тағы эфир уақытын сатып алмақ, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәлімет бойынша, департамент 2 428 000 теңге төлеп, эфирде 2024 жылы атқарған қызметі туралы видеоларды көрсетпек.

Оның ішінде:

  1. Қазақ және орыс тілдерінде екі минуттық тақырыптық бейнеролик жасау және көрсету. Видео жалпы кемінде 100 рет көрсетілуі керек.
  2. Қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық релиздегі ақпараттық сюжет. Үш видеоның ұзақтығы 3 минут болуы керек. Трансляциялардың жалпы саны кемінде 10 рет.
  3. Ақпаратты «Бегущая строка» арқылы жариялау. Ол 20 сөзден тұруы керек. Трансляциялар жалпы кемінде 150 күн көрсетілуі керек.

Бұл конкурс бойынша басқа техникалық сипаттама жоқ. Мысалы видеолар не туралы болуы керегі белгісіз. Тапсырысты қабылдаған адам оны 2024 жылдың соңына дейін өткізуі керек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар