Алматы облысында бір топ адам себепсізден-себепсіз тұрғынды соққыға жыққан

Сағыныш Сардарова 03 жел. 2025 11:55

Алматы облысында бір топ адам себепсізден-себепсіз тұрғынды соққыға жыққан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 желтоқсанға қараған түні Алматы облысындағы Бесағаш ауылында бір топ адам тұрғынды ұрып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша жәбірленуші үйіне қайтып бара жатқан. Жолда топтың жанынан өте бергенде жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан.

Жарақат алған азамат полицияға арыз жазған. Кейін құқық қорғау органдары күдіктілерді ұстаған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар