Алматы облысында 4 баланы пәтерде азаптаған ер адам 17 жыл бұрын адам зорлаған

Көркем Алдабергенова 16 ақп. 2024 10:22 14501

Алматы облысында 4 баланы азаптаған адам 17 жыл бұрын адам зорлағаны үшін сотты болған, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы "Криминальный Казахстан" телеграм арнасында белгілі болды. 

Бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз біреу кәмелетке толмаған төрт баланы байлап, ұрып, қинап,тіпті пышақтағаны белгілі болды. 
 
Бұл дерекке қатысты облыс басшысы Бауыржан Әленов пікір білдірді.Азапталған балалар кәмелетке толмаған. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Күдікті анықталды. Оны құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылданып жатыр. Бұл дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды", - дейді Әленов.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар