Алматы маңында жер сілкінісі кезінде бас сауғалайтын арнайы лагерь салынбақ

Сағыныш Сардарова 24 қаз. 2024 15:15 3795

Алматы маңында жер сілкінісі кезінде бас сауғалайтын арнайы лагерь салынбақ. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шыңғыс Әрінов министрліктің жедел мақсаттағы “Алатау” оңтүстік базасының құрылғанын айтты.

“Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда Алматы маңында зардап шеккендер үшін шатырлы лагерь құрылады. Сондай-ақ гуманитарлық көмекті қабылдау пунктері мен басқа да қажет қосалқы нысандар болады”, – деді ведосмство басшысы.

Министрдің сөзінше, лагерьдің басты артықшылығы - 173 гектар ашық жер.

“Бұл жер опырырылмайды және ол жарықтары жоқ үстіртте орналасқан. Онда кіретін жолдар бар және жақын жерде темір жол орналасқан. Біз сонда тренинг өткіземіз. Ол жақта шатырлар жеткілікті. Оған қоса, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің номенклатурасында біз міндетті түрде шатырлар, төсек-орындар, арқаға асатын сөмкелер ​​береміз. Мұның бәрі қандай да бір дербестік болуы үшін керек. Тағы бір шешілмеген мәселе бар. Біз әр зардап шеққан адамға термикалық ішкиім мен жылы киім және барлық қорғаныс құралдарының берілуін қамтамасыз етуге көшеміз. Әр 10 адамда медициналық қобдиша болады. Сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлер де болады деп үміттенеміз. Сонымен қатар онда шатырлар, ұйықтауға арналған қаптар, құрал-жабдықтар және үш күнге жететін азық-түлік болады”, – дейді Шыңғыс Әрінов.

Министр адамдар жиі-жиі орналасса, базада 50 мың адам сыятын орын барын айтады.

“Адамдардың сыйымдылығын 1 миллион орынға жеткізсек дейміз. Тек Алматы маңында емес, басқа қалалардың жанынан да осындай қауіпсіз жер іздеп жатырмыз”, – деді Әрінов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар