Алматы-Бішкек тасжолында жол апатынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жантүршігерлік жол апаты Алматы–Бішкек тасжолының 107-шақырымында болған, полиция қызметкерлері соталды тергеуді бастады.
"Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Lexus маркалы көлік қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан сегіз адам оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болуды сұрайды.