Әлібек Қуантыров Экология министрлігін басқарады

Әлібек Қуантыров Экология министрлігін басқарады
primeminister.kz

Әлібек Қуантыров Экология министрлігін басқарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ол 1983 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2005-2006 жылдары Томск мемлекеттік университетін қаржы және кредит, лингвистика және мәдениетаралық коммуникация мамандықтары бойынша бітірген.

2022 жылы 11 қаңтарда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. 2024 жылғы сәуірде KazEnergy қауымдастығының бас директоры болды.

Ал 2024 жылғы шілдеде сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.