"Әлі талай жетістікке жетесің": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қуанышты жаңалығын жария етті

"Әлі талай жетістікке жетесің": Тұрсынбек Қабатовтың қызы қуанышты жаңалығын жария етті
Фото-коллаж: Alash.kz

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол жариялаған видеода сіңлісі Айарудың би жарысынан жүлделі орын иеленгені көрінеді. Әдемі сіңлісін әуежайдан арнайы күтіп алып, оның жетістігіне қолдау білдірген.

"Люлюшка, әлі талай жетістікке жетесің, мен білемін", – деп жазды Әдемі Тұрсынбекқызы.

Желі қолданушылары да Айаруды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.