Әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтардың тізімі бекітілді

Көркем Алдабергенова 22 қыр. 2025 15:21

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік қолдауға ие болатын азаматтар санатын бекіткен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Құжат жаңа Салық кодексі аясында әзірленіп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
 
Әлеуметтік қолдау құқығына ие болатындар:
  • арнайы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • зейнетақы төлемдерін алып отырған мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдер;
  • атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар;
  • әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар;
  • айналасындағылар үшін қауіпті ауруға шалдыққандар;
  • ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз (екі айдан астам) азаматтар;
  • созылмалы сырқаттың ауыр түрімен ауыратындар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар