Әлемдік сауда алаңдарында мұнай бағасы қайта қымбаттап жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Соңғы сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,3 пайызға өсіп, 111 долларға жақындады.
Сарапшылардың пікірінше, бағаның көтерілуіне Таяу Шығыстағы күрделі геосаяси жағдай әсер еткен.
Нарыққа әсіресе Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ядролық нысанға жасалған шабуыл, сондай-ақ АҚШ, Израиль және Иран арасындағы шиеленістің күшеюі ықпал етіп отыр.