Әлем елдері тағы да "шайқала бастады": Қатарда қанша қазақстандық бар?

Сағыныш Сардарова 10 қыр. 2025 10:36

Мәжіліс дәлізінде журналистер сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтан Қатар астанасында зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы жөнінде сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

СІМ пікірі

"Зардап шеккендер жоқ. Бізге хабар түскен жоқ. Қазіргі таңда Қатарда шамамен 1500 отандасымыз жүр", – деді Әлібек Бақаев.

Оның айтуынша, олардың 516-сы консулдық есепке алынған және дипломаттар олармен тұрақты байланыста.

Оқиғаның анық-қанығы

9 қыркүйекте Израиль Дохаға соққы жасады. Шабуыл нысанасына АҚШ-тың Газадағы соғысты тоқтату жөніндегі ұсынысын талқылау үшін келген ХАМАС делегациясы орналасқан тұрғын үйлер іліккен. Бұл қадамды Қатар қатаң айыптады.

Қазақстанның реакциясы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады. 

"Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", - деді Тоқаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар