Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали елге оралды

Сағыныш Сардарова 23 қыр. 2025 10:03

Астана әуежайында жанкүйерлер грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды қарсы алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

23 қыркүйекке ауған түні Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен Ұлттық құрама спортшылары, бапкерлері туған еліне оралды.

Спортшыларды қарсы алушылардың қатарында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, спорт жанкүйерлері, әскери оркестр болды.

Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуаны Әлішер Ганиевті таза жеңген еді.

Ол бұған дейін 2018 және 2022 жылдары қола жүлдені еншілеген болатын.

Ал грек-рим күресінен отандық спорттың тарихына үңілсек, Юрий Мельниченко (2 рет), Мхитар Манукян (2 рет), Бақтияр Байсейітов (1 рет) ғана жеңістің ең биік сатысына шыға алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар