Тұтынушылар сенімі төмендеп, көлікке иелік ету құны қымбаттап жатқан тұста Jetour – сұранысты сенімді түрде арттырып келе жатқан санаулы брендтердің бірі. X50 және X70 Plus үлгілері тек бағалық сегментімен ғана емес, оларға салынған қаражатты толық ақтай алу қабілетімен де сұранысқа ие. Jetour демпингке бармайды, керісінше, сатып алушылар үшін түсінікті әрі ашық форматта тиімді ұсыныс береді.
Қазақстан Автомобильдер Одағының деректеріне сүйенсек, республикада жаңа көліктердің сатылымы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. 2024 жылы Jetour 9 500-ден астам автокөлік сатқан. 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында елдегі жаңа көлік сатылымының жалпы көлемі 104 мыңнан асып, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ширекке көп болды. Биыл маусым айында Jetour жалпы сатылым бойынша үздік-5 бренд қатарына еніп, бір айда 1 500-ге жуық автокөлік сатты. Бұл өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 125%-ға көп.
2025 жылы Jetour жүйелі әрекет етуде. X50 және X70 Plus үлгілері брендтің негізгі модельдері мәртебесін алды, бұл нақты сатып алу шарттарымен дәлелденіп отыр.
X70 Plus бойынша бренд ең әуелі – кепілдік мерзімі біткенше 5 тегін техникалық қызмет көрсетуді ұсынады. Нарықта бір ТО-ның орташа құны 60–100 мың теңге аралығында екенін ескерсек, бұл қызмет көрсетуге 300–500 мың теңге үнемдеу деген сөз. Бұл шығындарды өтеу тетігі несиеге сатып алу кезінде де жұмыс істейді. Екінші ұсыныс – ай сайынғы төлем 136 631 теңгеден басталады. Модельдің бастапқы бағасын ескерсек, бұл клиентке ыңғайланған икемді шешім. Бұдан бөлек, кез келген Jetour автокөлігін сатып алғанда қысқы шиналар сыйлыққа беріледі.
Jetour X50 «Күздің үздік ұсынысы» деп аталып отыр. Модельдің бастапқы бағасы – 7 990 000 теңгеден. Базалық жинақтаудың өзінде 1,5 литрлік турбоқозғалтқыш, автоматты трансмиссия, цифрлық аспаптар панелі және сенсорлы экраны бар мультимедиа жүйесі қарастырылған. Мұның бәрі X50-ды қолжетімді қалалық кроссоверлер сегментінде заманауи функциялардың толық жиынтығымен өзекті таңдау етеді.
Екі модель де қыркүйектің соңына дейін жарамды автонесиелеу бағдарламасына қатысады. Шарттары икемді: бастапқы жарна артқан сайын пайыздық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін, мерзімі 84 айға дейін, ал несие Allur Finance және ірі банктер арқылы қолжетімді.
X50 және X70 Plus үлгілеріне арналған ұсыныстар нарықтың басты сұранысына – толық функционалдығын сақтай отырып, көлікке қолжетімді иелік етуге жауап береді. Қызмет көрсету шығындары өсіп, ұзақ мерзімді жоспарлау қажет болып тұрған шақта бұл стратегия ойластырылған қадам ретінде көрінеді. Jetour үшін бұл – болжамды иелік ету цикліне негізделген үлгінің жалғасы.