Алакөлде екі бірдей қайғылы оқиға болды: әйел екі аяғынан айырылып, бір адам қаза тапты

Алакөлде екі бірдей қайғылы оқиға болды: әйел екі аяғынан айырылып, бір адам қаза тапты
видео кадры

Алакөл көлінде бірнеше күн ішінде екі ауыр оқиға тіркелді. Соның салдарынан бір әйел екі аяғынан айырылса, тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

16 шілде күні кешке көл жағасында демалып жүрген 69 жастағы әйел алдын ала мәлімет бойынша кері жүріп келе жатқан катердің бұрандасының астына түсіп қалған. Зардап шегуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның екі аяғын ампутациялауға мәжбүр болған. Қазір әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

17 шілдеде Алакөлде екі гидроцикл соқтығысқан. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам түрлі жарақат алған.

Аталған екі оқиға бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.