Air Astana не үшін Bayback жолын таңдағаны белгілі болды

Қаракөз Амантай 02 мам. 2024 10:19 3249

Бүгін Air Astana биржада сатылып жатқан өз акциялары мен жаһандық депозитарлы распискаларын кері сатып алу (bayback) бағдарламасын жариялаған болатын. Әуе компаниясы жеке инвесторлардан жалпы құны 12 миллион долларға жуық құнды қағазын сатып алуға дайын. Бұл мажоритарлы акционерлердің компания болашағына сеніп отырғанын көрсетеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Артынша биылғы бірінші тоқсандағы қаржылық және операциялық көрсеткіштері шықты. Түсім 13,3%-ға, 264,7 млн ​​долларға дейін, ал тасымалданған жолаушылардың жалпы саны 18,5%-ға өсіп, 1,9 млн адамға жеткен.

Кері сатып алу мен тоқсанның оптимистік көрсеткіштерін есепке алсақ, Air Astana акциялары құнының тағы өсетіні күмәнсіз. Осы секундта KASE-дегі AIRA котировкасы 954 теңгеге жетті. Кеше ол мысалы 903 деңгейінде жатқан еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар