Air Astana және FlyArystan әуе компанияларына айыппұл салынды

Қаракөз Амантай 15 сәу. 2026 12:26

Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары авиаотын көлемі туралы қате мәлімет бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, әр компанияға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 432 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Министрлік бұған әуе отынына қатысты бұрмаланған ақпараттың ұсынылуы себеп болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Қазақстанда ұшақ жанармайының бағасы Еуропа мен Азия елдеріне қарағанда әлдеқайда арзан екенін айтқан. Соған қарамастан, ел ішіндегі әуе билеттерінің қымбат болуы қоғамда түрлі сауал туғызған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove