Айман Талғатқызы жеке өміріндегі қуанышты жаңалықты айтты

Айман Талғатқызы жеке өміріндегі қуанышты жаңалықты айтты
Фото: ашық дереккөзден

Айман Талғатқызы Астанада өз қолымен картоп өсіріп, алғашқы өнімін жинағанын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, жаз бойы күтіп-баптаған еңбектің жемісін көру отбасы үшін ерекше қуаныш болған. Жаңа қазылған картоптан түрлі тағам әзірлеп, бала-шағасымен бірге дәмін татқан.

"Биылғы жылдың ең керемет дәмі. Өзің еккен өнімді бала-шағаңмен рақаттанып жегенге не жетсін! Оны бала-шағаңмен суарып, күтіп, балаларға көрсетіп, еңбекке баулысаң, олардың естерінде мәңгі қалары анық", – деп жазды Айман Талғатқызы.

Ол Астананың топырағында өнім өсіру оңай емес екенін де атап өтті.

"Астанада біздің жерге өнім егу қиын. Топырағы құнарсыз. Соған қарамастан топырақ әкеліп төсеп, қоршап, соған егіп, уақтылы суарып, махаббатпен қарасаң, ештеңе қорқынышты емес. Мүмкін емес нәрсе жоқ", – деді ол.

Желі қолданушылары Айман Талғатқызының еңбегін жоғары бағалап, жаңа піскен картоптың дәмі ерекше болатынын жазған.

Көпшілік оның бала-шағаны еңбекке баулып, үй жағдайында өнім өсіру тәжірибесін қолдаған.