Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиаданың қорытынды кезеңіне бәрі 1088 оқушы қатысты. Олимпиадада 170 медаль сарапқа салынған. Оның ішінде – 87 қола, 51 күміс және 32 алтын.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған І республикалық олимпиадада Абай облысынан 18 оқушы қастып, оның 11-і жеңімпаз атанды. Бұл өте үлкен көрсеткіш.
Олимпиада нәтижесі бойынша Абай облысының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 9 қола медаль түсті. Жарма ауданының 4 оқушысы, Үржар ауданының 4 оқушысы, Бородулиха ауданының 2 оқушысы, Ақсуат ауданының 1 оқушысы медаль жеңіп алды.
Үржар ауданының оқушысына қатысқаны үшін грамота берілді. Ал Бородулиха ауданындағы Жерновка орта мектебінің 11-сынып оқушысы Фольмер Петр Астана қаласындағы International University-не грант ұтып алды.
Айта кетейік, қорытынды кезеңнің барлық қатысушылары «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Ал, I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты 2024 жылғы 22-28 қаңтары аралығында Астана қаласында өтеді. Оған Абай облысынан 18 оқушы қатысады.