Абай облысындағы жол апатынан зардап шеккен екі бала ауруханадан шығады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Бұған дейін екі бала Абай облысынан Астана қаласындағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.
"Екі балаға да ота сәтті жасалды. Қазір жағдайы жақсы, жақын күндері ауруханадан шығарылады", деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Абай облысының Үржар ауданында кәмелетке толмаған балаларға қатысты қайғылы жағдай тіркелді. Жол апаты салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды.
Сондай-ақ, 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алды.