«Алматы облысы – еліміздегі агрокәсіпкерлік дамыған ірі өңір. Республикадағы ауыл шаруашылығы өнімінің 16 пайыздан астамын біздің облыс өндіреді. Өткен жылы 22 мың жұмыс орны ашылды, ауыл шаруашылығы саласында 490 млрд теңгенің өнімі өндірілді», – деді А.Баталов.
Оның пікірінше, Алматы облысының әлеуеті бұдан да жоғары. Өңірге Үкімет тарапынан уақытылы қолдау көрсетіліп жатыр.
«Елбасының тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына субсидия ретінде 22 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңа осында ешқандай көмек көрсетіліп жатқан жоқ деп айтып жатыр. Айтыңызшы, қай мемлекетте осындай қолдау көрсетіліп жатыр?», – деді облыс әкімі.
Дереккөзі: BNews.kz