Алматыда Саин көшесіндегі қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың пилоттық жобасы аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жоба нәтижесі оң динамиканы көрсетті: автобустар жылдамырақ әрі тұрақты жүре бастады, ал жолаушылар ағыны 5%-ға артты. Пилоттық жоба қоғамдық көлікке басымдық берудің тиімділігін растады.
31 тамыздан бастап Саин көшесіндегі арнайы жолақтың қолданысы тоқтатылады. Алдағы уақытта бұл учаскені әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Шығыс айналма жолы бағыттарын қамтитын бірыңғай кешенді схемаға енгізу жоспарланып отыр.