3 жылда шетелдік компаниялардан Қазақстан бюджетіне қанша теңге түскен?

Көркем Алдабергенова 11 ақп. 2025 12:05 1451

3 жылда шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 75 млрд теңге төледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық кодексінің 25-тарауына сәйкес 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген шетелдік интернет-компанияларға («Google салығы») салық салудың жаңа қағидаларын қолдану нәтижелері туралы хабарлайды.

Қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген, оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. 3 жылдың ішінде бұл компаниялар 75 млрд теңгеге салық төледі. Былтырғы сома - 35 млрд теңге.

2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті.

Естеріңізге сала кетейік, салықтың мұндай түрі ҚР жеке тұлғаларына электронды сауда арқылы тауарлар ұсынатын және электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар