Сот үкімі бойынша 3 жасар қыздың өгей әкесі жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеп беруі тиіс.
«Сотталушы ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі, 3 және 11 тармақтары бойынша (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) кінəлі деп танылды.
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс», – деп мәлімдеді Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.
Қылмыскер жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады.