27 мыңға жуық адам апатты үйлерде тұрып жатыр

27 мыңға жуық адам апатты үйлерде тұрып жатыр
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда 27 мыңға жуық адам апатты үйлерде тұрып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Құрылтай депутаты Әмірбек Оспанбеков айтты. Сөзінше, республиканың тұрғын үй қоры – 61 367 көппәтерлі тұрғын үй. Оның ішінде 1 037 пәтер апатты жағдайда болса, 3 347-сінің тозығы жеткен.

«Бұл шамамен 27 мыңға жуық үй иесінің баспанасы апаттық жағдайда немесе әбден ескірген дегенді білдіреді. Соңғы 3 жылда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өңірлерде 352 апаттық жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үй бұзылып, 200 көппәтерлі тұрғын үй салынды. Бұл көрсеткіш жалпы республика тұрғын үй қорының тек 0,3%-ын ғана қамтып отыр», – делінген депутаттық сауалда.

Депутат арнайы комиссия құруды ұсынды. Сонымен қатар реновация бағдарламаларының орындалуын әкімдердің жұмыс сапасын бағалау рейтингіне енгізу керек екенін айтты.