Freedom Inside '26

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты ресми түрде басталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты ресми түрде басталды
ЖИ: Dalanews

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлем біріншілігінің алғашқы матчы А тобы аясында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасында өтіп жатыр. Кездесу Мехико қаласындағы әйгілі «Ацтека» стадионында ұйымдастырылуда. Матчтың бас төрешісі ретінде бразилиялық Вилтон Сампайо қызмет атқаруда.

Топтық кезеңнің екінші турында Мексика құрамасы 19 маусымда Оңтүстік Кореямен кездеседі. Ал үшінші турда, 25 маусым күні Чехия құрамасына қарсы ойнайды.

Өз кезегінде Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы екінші турда 18 маусымда Чехиямен күш сынасады. Үшінші турда олар 25 маусымда Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Әлем чемпионатының топтық кезеңі 11-27 маусым аралығында өтеді. Әр команда өз тобындағы қарсыластарымен айналым жүйесі бойынша үш матчтан өткізеді.

Плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі құрама жолдама алады. Сонымен қатар топтарда үшінші орын алған командалардың ішіндегі ең үздік сегіз құрама да келесі кезеңге шығады.