2025 жылы ең көп сұранысқа ие 10-топ жұмысшы мамандық аталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары алдағы уақытта танымал болатын мамандықтар тізімін жариялады.
Базалық сценарий бойынша бос жұмыс орындары арасында білікті мамандарға ең көп сұраныс Астана (102 мың), Алматы (82 мың) қалаларында, Павлодар және Қарағанды облысында (55 мың) байқалады.
Ал жұмысшы мамандарға ең көп сұраныс Павлодар (30 мың), Қарағанды (23 мың),Қостанай (22 мың) және Шығыс Қазақстан облыстарында (20 мың) байқалады деп болжанады.
2025 жылы ең көп сұранысқа ие 10-топ мамандық:
- Қоғамдық пәндер мұғалімдері — 29,5 мың
- Орта медициналық қызметкерлер (күтім бойынша) — 23,3 мың
- Мектепке дейінгі тәрбиешілер — 22,0 мың
- Ауыр науқастарға күтім жасайтын қызметкерлер — 19,2 мың
- Бастауыш сынып мұғалімдері — 17,0 мың
- Балабақша тәрбиешілерінің көмекшілері (бала күтушілер) — 15,8 мың
- Күзетшілер — 15,2 мың
- Жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері — 15,1 мың
- Жеңіл автокөлік жүргізушілері — 14,3 мың
- Математика пәнінің мұғалімдері — 13,1 мың
2025 жылы ең көп сұранысқа ие 10-топ жұмысшы мамандық:
- Орта медициналық қызметкерлер (күтім бойынша) — 23,3 мың
- Қазандық және бу машиналарының операторлары — 10 мың
- Құрылыс-монтаж жұмыстарының жұмысшылары — 9,1 мың
- Өндірістік құрал-жабдықтарды жөндеушілер (слесарь) — 9,1 мың
- Газбен кесушілер — 8,9 мың
- Автобус жүргізушілері — 7,6 мың
- Электр энергиясын өндіру операторлары — 6,7 мың
- Сантехниктер мен құбыр монтаждаушылары — 6,4 мың
- Трактор жүргізушілері — 6,2 мың
- Жүк көлігі жүргізушілері — 5,8 мың