2025 жылы Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Ақтоты Жапатова 31 нау. 2025 09:45 307

Биыл Алматыда Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның 84%-ы немесе 73 293-і тұрақты болады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жұмыспен қамту шаралары 32 мың адамды қамтиды. Олардың ішінде 10,6 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады, 8,7 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберіледі.

Оқу бағдарламаларына, оның ішінде enbek.kz платформасында қысқа мерзімді курстардан өтуге, «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға 7 мың адам тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, кей алматылықтар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 400 АЕК-ке дейінгі грант алуы мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда 84,7 мың жұмыс орны ашылған. Халықты жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралардың арқасында қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға төмендеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар