2021 жылы көлігіне оқ атылған полицей Ержан Оразбеков өмірден өтті

Сағыныш Сардарова 31 қаң. 2024 17:57 15515


Алматы Полиция департаменті басшысының экс-орынбасары, Алматы облысы Полиция департаменті басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Оразбеков өмірден өтті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.



Бұл қаралы хабарды саясаттанушы Ербол Еділов телеграм арнасында жазды. Ержан Оразбеков 51 жаста болған.



Айта кетейік, 2021 жылы Ержан Оразбековтің есімі тосын оқиғаға байланысты БАҚ беттерінде жазылды. Сол кезде оның көлігіне оқ атылған болатын. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолында болған. Белгісіз біреулер Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атқан. Ол кезде Оразбеков Алматы облысы Полиция департаментінің басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып жүрген еді.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар