20 тәулікке қамалған Елеусінов бостандыққа шықты

20 тәулікке қамалған Елеусінов бостандыққа шықты
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 20 тәулік әкімшілік қамаудан босап шыққаннан кейін оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Спортшы Sportbugin.kz-тегі мәлімдемесінде болған жағдайға өкінетінін айтты.

"Болар іс болды. Бұл жағдайға қатты өкінемін", - деді Данияр Елеусінов.

Еске салайық, 9 шілдеде Данияр Елеусінов жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталған еді. Кейін сот оны көлікті мас күйінде басқарғаны үшін кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды.