20 млрд: Назарбаев мектептеріне неліктен көп ақша бөлінеді?

Сағыныш Сардарова 17 ақп. 2024 15:13 4898

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Назарбаев мектептеріне неліктен көп ақша бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

24.kz-ке берген сұхбатында Жанғозин мұның себебін түсіндіріпті. Ал телеарна жүргізушісінің айтуынша, 2022 жылы 20 миллиардқа жуық ақша бөлінген.

"Қаржыландыру бойынша бірнәрсені түсінуіміз керек. Қазір бізде қаржыландыру екі бағыт бойынша жүргізіледі. Бірінші бағыт - мектептерге, оқушыға бөлінетін грант. Осы гранттарда мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің және басқа қызметкерлердің жалақысы, балалардың тамақтануы, коммуналдық шығындар және білім беру процесіне қажет құралдар сатып алу үшін қаражат қарастырылған", - деді ол. 

Жанғозин бұл қаржыны азайтудың да, көбейтудің де қажеті жоқ деген пікірде. Сонымен қатар, басқа мектептермен салыстырмау керек екенін жеткізді.

"Бізде бағдарлама бөлек. Оқушыларымыз таңнан кешке дейін сабақтарда, сабақтардан тыс үйірмелер, қосымшалар. Осы барлық факторды ескеріп, артық ақша алмаймыз. Осы жұмсаған ақша жоғары халықаралық деңгейге жетугк мүмкіндік беріп отыр. Соны біз дәлелдеп отырмыз", - деді ол.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар